Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 22.09.2023
«Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 345 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2023 жылғы 22 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2023 жылғы № 772 Қаулысына сәйкес
1. «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 24-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 345 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген
Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын берудің тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережелерде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) білім беру гранты – жоғары білім алуға ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы;
2) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
3) республикалық конкурстық комиссия – білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі – республикалық комиссия);
4) жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясы – жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты өткізу үшін жергілікті атқарушы органдар құратын комиссия (бұдан әрі – ЖАО комиссиясы).
2. Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру тәртібі
3. Білім беру грантын беру жөніндегі конкурсты білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын республикалық комиссия өткізеді.
4. Республикалық комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлері, азаматтық қоғам институттарының, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) басшылары қатарынан қалыптастырылады.
Республикалық комиссияның төрағасы білім беру саласындағы уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқаратын тұлға болып табылады.
Республикалық комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы тиіс. Республикалық комиссияның отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп есептеледі және 27 шілде мен 5 тамыз аралығында өткізіледі.
Полная версия