Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысымен бекітілген Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларының 21-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2021
Бонустардың мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 маусымда № 16998 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыста болды осы Бұйрықтың 4-тармағына сәйкес
Редакция 17.04.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін қолданылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.03.2021 жылғы № 32 Бұйрығына сәйкес (15.03.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов
«КЕЛІСІЛДІ» Астана қаласының әкімі _______________ Ә. Исекешев 20 наурыз 2018 ж
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Әділет министрі _______________ М. Бекетаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы _______________ Н. Пан 18 мамыр 2018 ж
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы _______________ А. Шпекбаев 5 мамыр 2018 ж
«КЕЛІСІЛДІ» Маңғыстау облысының әкімі _______________ Е. Тоғжанов 28 наурыз 2018 ж
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген
Бонустардың мөлшерін есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
Полная версия

