Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.08.2023
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 343 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 маусымда № 16997 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2023 жылғы 4 тамыздан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.07.2023 жылғы № 549 Бұйрығына сәйкес
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.11.2022 жылғы № 667 Бұйрығына сәйкес (18.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 18.12.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.11.2022 жылғы № 667 Бұйрығына сәйкес (18.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.11.2022 жылғы № 667 Бұйрығына сәйкес (18.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық органдарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 199 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15072 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 12 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Кадр жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағазда және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.11.2022 жылғы № 667 Бұйрығына сәйкес (18.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы «18» мамырдағы
№ 343 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
Әдістеменің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.11.2022 жылғы № 667 Бұйрығына сәйкес (18.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» «Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16299 болып тіркелген) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Б» корпусының, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.11.2022 жылғы № 667 Бұйрығына сәйкес (18.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) тікелей басшы – дербес бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты тұлға;
2) жоғары тұрған басшы –дербес бағынысты болып табылатын, бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты тұлға;
Полная версия
ИС BestProfi