«Электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 239 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 маусымда № 17046 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2024 жылғы 22 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.07.2024 жылғы № 420/НҚ Бұйрығына сәйкес
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.10.2022 жылғы № 405/НҚ Бұйрығына сәйкес (31.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 124 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13350 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
«Электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптар
Талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.10.2022 жылғы № 405/НҚ Бұйрығына сәйкес (31.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді.
1) «электрондық үкіметтің» архитектурасы – тиісті салалар (аялар) бөлінісінде мемлекеттік басқарудың міндеттерін, функцияларын қоса алғанда, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің цифрлық нысандағы сипаттамасы;
2) «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы – «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға;
4) деректерді басқару – деректерді айқындауға, құруға, жинауға, жинақтауға, сақтауға, таратуға, жоюға, қолдауға, сондай-ақ олардың талдауын, сапасын, қолжетімділігін, қорғалуын қамтамасыз етуге байланысты процесс.
4. «Электрондық үкімет» архитектурасын дамыту оны ағымдағы жай - күйден жоспарлы нысаналы жай-күйге - цифрлық мемлекетке біртіндеп көшірудің тұрақты серпінді процесі болып табылады.
5. «Электрондық үкімет» архитектурасының жоспарлы нысаналы жай-күйі мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгіленген басымдықтар негізге алына отырып айқындалады.
ашық бағдарламалық кодтарға көшу (ақпараттандыру объектісін құруға және пайдалануға арналған шығындар мен оның жұмыс істеуінен алынған экономикалық тиімділік арасындағы ұтымды арақатынас);