Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі № 456-I Заңы
Құжат мәтініндегі «тауар белгісінің немесе тауар шығарылған жердің атауын», «тауар таңбасының немесе тауар шығарылатын жердің атауын», «араласып кеткен дәрежеге дейiн оларға ұқсас белгiлердi», «олар араласып кеткен дәрежеге дейiн бiрдей немесе ұқсас белгiлер», «айырғысыз дәрежеге дейін бірдей немесе ұқсас», «аумайтындай дәрежеде онымен бiрдей немесе ұқсас», «бiрдей немесе араласып кету дәрежесiне дейiн ұқсас», «араласып кеткен дәрежеге дейiн олармен ұқсас белгiлердi», «араласып кеткен дәрежеге дейiн олармен ұқсас белгiлердi», «араласып кеткен дәрежеге дейiн онымен ұқсас белгiнi», «олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеме», «олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемені», «онымен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемені» сөздері «тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын», «тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын», «оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгiлемелердi», «бiрдей немесе олар айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемелер», «бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас», «бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас», «бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас», «оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемелердi», «оған айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеменi», «оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеменi», «оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеме», «оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеменi», «оған айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеменi» сөздерімен ауыстырылды ҚР 20.06.2018 жылғы № 161-VI Заңына сәйкес (31.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңның тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.06.2022 жылғы № 128-VII Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.08.2022 жылдан бастап)
Осы Заң Қазақстан Республикасында тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
Кіріспе өзгертілді ҚР 20.06.2022 жылғы № 128-VII Заңымен (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.08.2022 жылдан бастап)
1) айрықша құқық – тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жердiң атауын өз қалауы бойынша кез келген тәсiлмен пайдалануға оның иесінің мүліктік құқығы;
1-тармақша өзгертілді ҚР 09.07.2004 жылғы № 586 Заңымен (26.07.1999 ж. редакцияны қараңыз)
1-1) айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілер – жекелеген элементтерінің айырмашылығы бар және тұтынушы ұқсастық тұрғысында бірдей деп қабылдайтын ұқсас белгілер немесе белгілемелер;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.04.2015 жылғы № 300-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2015 жылы № 65 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-2) бірдей тауар белгілері – барлық элементтері сәйкес келетін белгілер немесе белгілемелер;
1-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.04.2015 жылғы № 300-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2015 жылы № 65 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-3) бiртектес тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер – бір функцияны орындайтын, бір тектеске (түрге) жататын, тауарларда бiрдей немесе ұқсас белгілерді қолданған кезде тұтынушыда олардың бір өндірушіге тиесілі екені туралы пікір тудыруы мүмкін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер;
1-бап 1-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.04.2015 жылғы № 300-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2015 жылы № 65 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) географиялық нұсқама – географиялық объектінің аумағынан шығарылатын, белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары едәуір дәрежеде оның географиялық шығу тегімен байланысты тауарды сәйкестендіретін белгілеме. Осы географиялық объектінің аумағында тауардың сипаттамаларының қалыптасуына елеулі әсер ететін, оны өндірудің кем дегенде бір сатысы жүзеге асырылуға тиіс;
3-тармақша өзгертілді ҚР 07.04.2015 жылғы № 300-V Заңымен (10.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2015 жылы № 65 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.06.2022 жылғы № 128-VII Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.08.2022 жылдан бастап)
4) жалпыға бiрдей белгiлi тауар белгісі – уәкілетті органның мүдделi тұлғалар дәлелдемелеріне негiзделген шешiмiмен жалпыға бірдей белгілі деп танылған, тауар белгісі ретiнде пайдаланылып жүрген белгiлеме немесе тауар белгісі;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.06.2018 жылғы № 161-VI Заңына сәйкес (31.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-1) Мадрид келісімі – 1891 жылғы 14 сәуірдегі Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.07.2012 жылғы № 34-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) 17.07.2012 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
4-2) Мадрид келісіміне хаттама – 1989 жылғы 28 маусымдағы Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне хаттама;
1-бап 4-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 20.06.2018 жылғы № 161-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) өтініш беруші – тауар белгісін тіркеуге немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуге және беруге арналған өтінімді берген заңды немесе жеке тұлға;»
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.06.2022 жылғы № 128-VII Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.08.2022 жылдан бастап)
6) патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлi болу құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;
6-тармақша өзгертілді ҚР 09.07.2004 жылғы № 586 Заңымен (26.07.1999 ж. редакцияны қараңыз)
6-1) Сингапур шарты – 2006 жылғы 27 наурыздағы Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шарты;
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.04.2015 жылғы № 300-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2015 жылы № 65 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасы – 1957 жылғы 15 маусымда Ницце келiсiмiмен қабылданған, кейiннен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген сыныптама;
8) тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрi – тауар таңбасы) – осы Заңға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (көрсететін қызметтерiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерiнен) ажырату үшiн қызмет ететiн белгi;