Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысанын және оны толтыру мен беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 392 қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 248, 250, 261, 273 және 275-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.08.2024 жылғы № 656 Қаулысына сәйкес (07.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты толтыру мен беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидалары бекітілсін.
2. «Тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысанын және оны беру, оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, сондай-ақ оны кері қайтарып алу (жою) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 73 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 24, 340-құжат) күші жойылды деп танылсын.
1-нысан өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.04.2021 жылғы № 211 Қаулысымен (28.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.08.2024 жылғы № 656 Қаулысына сәйкес (07.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Құжатты берген Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы туралы мәліметтер (атауы)
2.
Құжат берілген тұлға туралы мәліметтер (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелері*)
3.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу операцияларын тікелей жасайтын тұлға (тұлғалар) туралы мәліметтер (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, банктік деректемелері*)
4.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында шетелдік тауарлар және олардың қайта өңделген өнімдері туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН коды, саны мен құны)
5.
Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қатысты шетелдік тауарларды қайта өңдеудің технологиялық процесін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері белгіленген ЕАЭО тауарлары туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және саны)
6.
Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер
7.
Қайта өңделген өнімдердің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары
8.
ЕАЭО кедендік аумағындағы қайта өңдеу операциялары, оларды жасау тәсілдері туралы мәліметтер
9.
ЕАЭО кедендік аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарларды өңдеу өнімдерінде сол тауарларды сәйкестендіру тәсілдері туралы мәліметтер
10.
Қалдықтары мен қалғандары туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)
11.
ЕАЭО кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімі
12.
Кодекстің 252-бабында айқындалғандай, егер балама тауарлармен ауыстыру көзделген болса, тауарларды ауыстыру туралы мәліметтер
13.
Қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер
14.
Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру және осы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау көзделетін кеден органы (кеден органдары)