Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 5 шілдедегі № 176-VІ
Құжат мәтініндегі «және терроризмді қаржыландыруға», «және терроризмді қаржыландыру» деген сөздер тиісінше «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға», «, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 19.09.2025 № 219-VIII Заңына сәйкес (18.07.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Заңның тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 306-VIII Заңына сәйкес (09.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Құжат мәтініндегі «заң көмегі», «заң көмегін» «заң көмегіне», «заң көмегінің», «Заң көмегі», «Заң көмегін», «Заң көмегінің», «заң көмегімен» деген сөздер тиісінше «білікті заң көмегі», «білікті заң көмегін» «білікті заң көмегіне», «білікті заң көмегінің», «Білікті заң көмегі», «Білікті заң көмегін», «Білікті заң көмегінің», «білікті заң көмегімен» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 306-VIII Заңына сәйкес (09.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1) адвокаттық қызмет – адвокаттар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында, осы Заңда белгіленген тәртіппен, кәсіптік негізде көрсететін білікті заң көмегі;
2) заң консультанттарының қызметі – заң консультанттарының жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында білікті заң көмегін көрсету жөніндегі кәсіптік қызметі;
3) заң көмегі – Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 3-тармағында бекітілген әркімнің білікті заң көмегін алу құқығын іске асыруды қамтамасыз етуге, оның ішінде осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен арнайы заң білімі мен дағдыларын пайдалана отырып қамтамасыз етуге бағытталған қызмет;
3-тармақша өзгертілді ҚР 17.12.2025 жылғы № 241-VIII Заңымен (19.09.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-тармақша өзгертілді ҚР 11.06.2026 жылғы № 306-VIII Заңымен (09.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) білікті заң көмегіне қатысушылар – білікті заң көмегін көрсететін тұлғалар, клиенттер, заң көмегін көрсетуге тартылған өзге де тұлғалар;
5) білікті заң көмегін көрсету саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – білікті заң көмегінің ұйымдастырылуын, сондай-ақ оның сапасын бақылауды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган;
6) клиент – білікті заң көмегін алу үшін өтініш жасаған жеке немесе заңды тұлға (өкіл);
7) құқықтық ақпарат беру – белгіленбеген тұлғалар тобына Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелері бойынша ауызша, жазбаша нысандарда, электрондық құжат нысанында не көріп танысу түрінде ақпарат беру арқылы көрсетілетін білікті заң көмегінің түрі;
8) құқықтық консультация беру – жеке және заңды тұлғаларға ауызша және жазбаша консультациялар нысанында көрсетілетін, оның ішінде арыздарды, шағымдарды, өтінішхаттарды және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау мәселесіне қатысты білікті заң көмегінің түрі;
9) мүдделер қақтығысы – білікті заң көмегін көрсететін тұлғаның жеке мүдделері мен клиенттің мүдделері арасындағы білікті заң көмегін көрсетпеуге немесе сапалы көрсетпеуге алып келуі мүмкін қайшылық.
2-бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заң мен Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметті және білікті заң көмегін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Білікті заң көмегі осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес көрсетіледі.
2-тармақ өзгертілді ҚР 09.06.2021 жылғы № 49-VII Заңымен (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ өзгертілді ҚР 17.12.2025 жылғы № 241-VIII Заңымен (19.09.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4. Жекелеген тұлғалардың білікті заң көмегін көрсету шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Полная версия

