Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
«Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 601 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 шілдеде № 17158 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес 
1. «Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14624 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 10 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялануға енгізу үшін жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.  
3. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті төрағасының
міндетін атқарушы
_________________Қ. Орынханов
2018 жылғы 19 мамыр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2018 жылғы 15 маусымдағы
№ 601 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2016 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 640 бұйрығымен
бекітілген
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың және шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидалары
1. Осы Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау тәртібін анықтайды.
2. Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар осы Қағидаларда белгіленген көлемде және нысандар бойынша жартыжылдық, жылдық есептілікті жасайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігі – бұл бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынған қаржылық есептілігі;
республикалық бюджетті атқару жөніндегі шоғырландырылған қаржылық есептілік – бұл Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы 120-1 бабына сәйкес бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынылған ведомствоның және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігі;
облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілік – бұл Бюджет кодексінің 120-2-бабына сәйкес бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынылған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілік;
Полная версия
ИС BestProfi