Осы Заң Қазақстан Республикасында газ және газбен жабдықтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасының газға деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін тиімді, сенімді және қауіпсіз пайдалану үшін жағдай жасауға бағытталған.
Газ және газбен жабдықтау туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV Заңы
Құжат мәтініндегі «газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк», «Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк» сөздері «газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік», «газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік» сөздерімен ауыстырылды ҚР 04.07.2013 жылғы № 131-V Заңымен (10.07.2012 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 11.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды. Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 29.06.2023 № 13-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автогаз құю станциясы – сұйытылған мұнай газын сақтауға және оны отын ретінде пайдаланатын көлік құралдары иелеріне бөлшек саудада өткізуге арналған технологиялық кешен;
2) автогаз толтыру компрессорлық станциясы – тауарлық газды сұйытуға, сақтауға және оны отын ретінде пайдаланатын көлік құралдарының иелеріне бөлшек саудада өткізуге арналған технологиялық кешен;
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР 04.07.2018 жылғы № 173-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2022 жылдан бастап)
4) бөлшек саудада өткізу – тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын одан әрі өткізу мақсатынсыз, өз мұқтаждықтары үшін Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушыларға өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
5) бірыңғай техникалық дәліз – бір трасса бойымен қатар салынған, бірыңғай бағытта (көліктік лекте) тауарлық газды тасымалдауды қамтамасыз ететін магистральдық газ құбырларының (немесе учаскелерінің) және магистральдық газ құбырлары жүйелерінің (оның ішінде әртүрлі қысымдағы жүйелерінің) жиынтығы;
6) газ – шикі, тауарлық, сұйытылған мұнай газы және сұйытылған табиғи газ;
7) газбен жабдықтау – тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу саласындағы қызмет;
8) газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймағы – пайдаланудың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету және оларды зақымдау мүмкіндігін болдырмау мақсатында газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің айналасына орнатылатын айрықша пайдалану жағдайындағы аумақ;
9) газбен жабдықтау жүйесі – тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын өндіруге, тасымалдауға (тасуға), сақтауға, өткізуге және тұтынуға арналған технологиялық өзара байланысты объектілер кешені;
10) газдандыру – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы және өзге де объектілерде тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын отын ретінде пайдалануға бағытталған іс-шаралар кешені;
11) газ жабдығы – газ құбырларының құрамдас элементтері ретінде пайдаланылатын, толықтай зауытта дайындалатын техникалық бұйымдар (компенсаторлар, конденсат жинақтары, сақтандыру-ығыстыру арматурасы, құбыржолдық бекітпе арматура), сондай-ақ газ пайдаланушы қондырғылар (газ аспаптары, пештері мен плиталары);
12) газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік – Қазақстан Республикасына тиесілі ілеспе газды тереңдетіп өңдеуді және өзара тиімді жағдайларда қосылған құны жоғары өнім өндіруді қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық және әлеуметтік міндеттерді шешу үшін мемлекет пен инвестордың өзара іс-қимыл жасау нысаны;
13) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
13-тармақша өзгертілді ҚР 16.05.2014 жылғы № 203-V Заңымен (11.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.05.2014 жылы № 97 (28321) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 04.07.2018 жылғы № 173-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 13-тармақша алынып тасталды ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңымен (27.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14) газ құбыры – бекітпе арматурасы бар, бір-бірімен қосылған құбырлардан тұратын және газ тәріздес немесе екі фазалық күйдегі газды тасымалдауға арналған құрылыс;
Полная версия