Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 209 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 3 шілдеде № 17145 болып тіркелді
Редакция 29.09.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы №6-3/597 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12714 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.09.2020 жылғы № 283 Бұйрығына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
___________ Д. Абаев
2018 жылғы 21 мауым
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
___________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы 13 маусым
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы 15 маусым
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 24 мамырдағы
№ 209 бұйрығына
1-қосымша
Полная версия
ИС BestProfi