«Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16818 болып тіркелген «Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 147 бұйрығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2018 жылғы 11 шілдедегі № 157 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 шілдеде № 17219 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті (А. Сүйінов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялауға, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
3) ресми жарияланғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Экономика және қаржы департаменті (А. Досходжаева) қосымшада көрсетілген бөлуге сәйкес жоғары оқу орындарына қаржы жылына республикалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде 2018 жылғы кезеңге төлеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы Е. Қожағапанов
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 11 шілдедегі № 157 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу
№ | Жоғары оқу орындарының атауы | Студенттерге арналған стипендия | |
1. | «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» Республикалық мемлекеттік мекемесі | 3 | |
2. | «Қазақ ұлттық өнер университеті» Республикалық мемлекеттік мекемесі | 4 | |
3. | «Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» Республикалық мемлекеттік мекемесі | 4 | |
Барлығы: | 11 |
Полная версия