Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.10.2020
 «Әуе айлағының (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы  28 желтоқсандағы № 1255 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы  
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 481 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 шілдеде № 17200 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 жылғы № 527 Бұйрығына сәйкес 
 1. «Әуе айлағының (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1255 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12942 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 ақпандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде  жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:   
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Әуе айлағының (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде  мемлекеттік тіркеуді;
2)  осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
 3) осы бұйрықты Қазақстан  Республикасы   Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 29 маусымдағы
№ 481 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің  
2015 жылғы 28 желтоқсандағы  
№ 1255 бұйрығымен  
 бекітілген 
«Әуе айлағының (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
 1. «Әуе айлағының (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін  (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.   
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elisense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық түрде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: әуе айлағының (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын (бұдан әрі – сертификат) беру не Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 қарашадағы № 1038 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12904 болып тіркелген) «Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының  (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.  
Полная версия
ИС BestProfi