Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы № 723 Жарлығы
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 17-1-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі одан «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен;
2) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі одан «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Шымкент қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.
1) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Түркістан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  Президенті  Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
    2018 жылғы 4 тамыздағы
      № 723 Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін 
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат):

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, оның ведомствосы және олардың аумақтық органдары

2309

Полная версия
ИС BestProfi