Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.10.2020
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрінің
 міндетін атқарушының
 2015 жылғы 28 мамырдағы
 № 623 бұйрығына 2-қосымша
«Азаматтық авиацияның  авиациялық оқу орталығының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 25.02.2016 жылғы № 225 Бұйрығына сәйкес (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.06.2018 жылғы № 482 Бұйрығына сәйкес (25.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 жылғы № 527 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 14.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.04.2019 жылғы № 198 Бұйрығына сәйкес (29.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.elicense.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал ) жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық түрде (толық автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: авиациялық оқу орталығының сертификатын (бұдан әрі – сертификат) беру немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 518 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  №11401 болып тіркелген) «Азаматтық авиацияның  авиациялық оқу орталығының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының  (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап беру болып табылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін стандарттың  9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе электрондық сұрау салуының болуы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.04.2019 жылғы № 198 Бұйрығына сәйкес (29.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі маманының отыз минут ішінде өтінішті қабылдауы және тіркеу нөмірі мен күнін бере отырып оны тіркеуі;
2) басшының және оның орынбасарының екі сағат ішінде қарар қоюы;
3) құрылымдық бөлімше басшысының екі сағат ішінде жауапты орындаушыны айқындауы;
4) жауапты орындаушының ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруі және сертификаттық тексеру жүргізу үшін бес жұмыс күні ішінде комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құру;
5) Комиссияның он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың тақырыбы мен мазмұнын талдауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) сәйкес болмауы анықталған жағдайда, жауапты орындаушы бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауапты ресімдейді;
6) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін бес жұмыс күні ішінде сертификаттық тексеру;
7) сертификаттық тексеру аяқталғаннан кейін сертификаттық тексеру актісі (бұдан әрі - Акт) төрт жұмыс күні ішінде ресімделеді;
8) Комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда авиациялық оқу орталығының сертификаты ресімделеді және құрылымдық бөлімшенің басшысына бір жұмыс күні ішінде қол қоюға жіберіледі;
9) құрылымдық бөлімшенің басшысы авиациялық оқу орталығының сертификатына бір жұмыс күні ішінде қол қояды.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді  (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарын қабылдау мен тіркеу және оларды қызметті берушінің басшысына (басшының орынбасарына) беру;
2) өтінішті  жауапты құрылымдық бөлімшенің қарауы үшін  көрсетілетін қызметті беруші  басшысының (басшысы орынбасарының) қарары;
3) жауапты орындаушының өтінішті толықтығына тексеру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауапты рәсімдеу;  
4) Комиссияның оң немесе теріс (алқалық) шешімі;
5) авиациялық оқу орталығының сертификатын беру.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері қатысады:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.04.2019 жылғы № 198 Бұйрығына сәйкес (29.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (Комиссия төрағасы);
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;
4) жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы;
8. Әрбір рәсімдердің (іс-қимылдардың) ұзақтығын көрсете отырып, қызметкерлер арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.04.2019 жылғы № 198 Бұйрығына сәйкес (29.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы отыз минут ішінде құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына (басшының орынбасарына) жібереді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (басшысының орынбасары) екі сағат ішінде қарар қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесін айқындайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы екі сағат ішінде жауапты орындаушыны айқындайды және құжаттарды жауапты орындаушыға қарауға береді;
4) көрсетілетін қызметті алушының өтініші стандарттың талаптарына сәйкес келген (толық болған) жағдайда бес жұмыс күні ішінде Сертификаттық тексеру жөніндегі комиссия құрылады;
5) Комиссия мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттар тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың тақырыбы мен мазмұнына талдау жүргізеді, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) сәйкес анықталған жағдайда, жауапты орындаушы бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауапты ресімдейді;
6) Комиссия сертификаттық тексеруді бес жұмыс күні ішінде жүргізеді;
7) сертификаттық тексеру аяқталғаннан кейін Комиссия төрт жұмыс күні ішінде сертификаттық тексеру актісін жасайды;
8) Комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда, жауапты орындаушы бір жұмыс күні ішінде сертификатты дайындайды және құрылымдық бөлімшенің басшысына (басшының орынбасарына) қол қоюға жібереді;
9) құрылымдық бөлімшенің басшысы (басшының орынбасары) сертификатқа бір жұмыс күні ішінде қол қояды.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің рәсімдері (іс-қимылдары жүйелігін, өзара іс-қимылдарын) егжей-тегжейлі сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес «Азаматтық авиацияның  авиациялық оқу орталығының сертификатын беру»  мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамасында көрсетіледі.
4-тарау. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының  жүгіну тәртібі мен рәсімдерінің  (іс-қимылдарының) жүйелігі осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының 1, 2-диаграммаларында көрсетілген.
 Көрсетілетін қызметті алушы арқылы   қадамды іс-қимылдар:
1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің электрондық-цифрлық қолы тіркеу куәлігінің көмегімен (бұдан әрі – ЭЦҚ) порталда тіркеуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушы үшін жүзеге асырылады);
2)  1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін порталда пайдаланушының пароль енгізу процесі (авторландыру процесі);
 3)   1-шарт – логин (бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) және пароль арқылы тіркелген пайдаланушы туралы  деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;
4)  2-процесс  – пайдаланушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда авторландырудан  бас тарту туралы хабарламаны порталды қалыптастыру;
5) 3-процесс – пайдаланушының осы Регламентте көрсетілген қызметтерді таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде бекітумен, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, пайдаланушының нысанды толтыруы (деректер енгізуі);
6)  4-процесс – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін пайдаланушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
7)  3-шарт  – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін  және кері қайтарылып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
8) 5-процесс  – пайдаланушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмаған жағдайда сұратылатын қызметтерден  бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
9)  6-процесс  – қызметтер көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (деректер енгізу) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы сұрау салуды куәландыру (қол қою);
10)  7-процесс  –  электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) мемлекеттік дерекқордың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – МДҚ АЖ) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ сұрау салуды өңдеу;
11) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталмен қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензия) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.  
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы қадамды іс-қимылдар мынадай түрде жүзеге асырылады:
1) 1-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының  мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ логин мен пароль енгізуі (авторландыру процесі);  
2) 1-шарт  – «Е-лицензиялау» МДҚ логин мен пароль арқылы көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген жауапты орындаушысы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
3) 2-процесс  – «Е-лицензиялау» МДҚ көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда авторландырудан бас тарту туралы хабарламасын қалыптастыру;
4) 3-процесс  – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының осы регламентте көрсетілген қызметтерді таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
5) 4-процесс  – сұрау салуды электрондық үкімет шлюзы (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы «Заңды тұлға» (бұдан әрі – ЗД  МДҚ) мемлекеттік дерекқордың ақпараттық жүйесіне жіберу;
6)  2-шарт – ЗД  МДҚ көрсетілетін қызметті алушының деректерінің болуын тексеру;
7)  5-процесс  – ЗД  МДҚ көрсетілетін қызметті алушының деректері болмаған жағдайда деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру;
8)  6-процесс  – сұрау салу нысанын  қағаз нысанда құжаттардың болуы туралы белгі бөлігінде толтыру және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының  көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды  сканерлеу және оларды сұрау салу нысанына бекіту;
9)  7-процесс  – «Е-лицензиялау» ЗД МДҚ сұрау салуды тіркеу және «Е-лицензиялау» ЗД МДҚ қызметті өңдеу;
10) 8-процесс  –  көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» ЗД МДҚ қалыптастырылған қызметтің (электрондық лицензия)  нәтижесін алу. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.  
«Азаматтық авиацияның
авиациялық оқу орталығының
сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызметі регламентіне
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.04.2019 жылғы № 198 Бұйрығына сәйкес (29.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру» мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процесінің анықтамасы
  «Азаматтық авиацияның  авиациялық оқу
                                                                                                   орталығының сертификатын беру»
                                                                                              мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне  
                                                                                                      2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің 
функционалдық өзара іс-қимылының № 1 диаграммасы
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету
кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграмма
Полная версия
ИС BestProfi