Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.06.2020
«Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 17 шілдедегі № 310 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 22 тамызда № 17303 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 9 маусымнан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес 
1. «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеке шот – субсидиялауға арналған өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тізілімдегі жазбалар жиынтығы;
2) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес облыстың (бұдан әрі – облыстық басқарма), республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының Ауыл шаруашылығы басқармасы немесе астананың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы (бұдан әрі – қалалық басқарма) айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және меншік иесі ретінде оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;
3) отандық тыңайтқыштарды өндiрушi (бұдан әрi – тыңайтқыштарды өндіруші) – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, Қазақстан Республикасында тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өндiрудi жүзеге асыратын және оларды тіркеген жеке немесе заңды тұлға;
4) өтінім – толық құнымен сатып алған тыңайтқыштар үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің (бұдан әрі – ауылшартауарынөндіруші) немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің (бұдан әрі – ауылшаркооперативі) субсидиялар алуына арналған электрондық өтiнiм;
5) өтпелі өтінім – ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) арзандатылған құнмен сатып алатын тыңайтқыштар үшін тыңайтқыш өндірушінің субсидиялар алуына арналған электрондық өтiнiм;
6) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
7) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидия алуға арналған өтінімді (өтпелі өтінімді) тіркеуге, сондай-ақ өтінімді (өтпелі өтінімді) субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оларды өңдеуге мүмкіндік беретін, субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;
8) танаптың электрондық картасы – бұрылыс нүктелерінің координаталарын, соңғы екі жылдағы ауыспалы егіс туралы ақпаратты және жерді қашықтықтан зондтау спутниктерінен алынған мәліметтерді қамтитын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінде орналасқан танап туралы ақпарат;
9) тыңайтқыштарды жеткізуші – шетелдік өндіріс тыңайтқыштарын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өткізуді жүзеге асыратын, оларды тіркеген жеке немесе заңды тұлға;
10) тыңайтқыштарды сатушы – тыңайтқыштарды өндіруші, тыңайтқыштарды жеткізуші немесе шетелдік тыңайтқыштарды өндіруші;
11) тыңайтқыштардың ең төменгі нарықтық құны – тыңайтқыштарға субсидия номаларын белгілеу үшін олардың бағаларына талдау жүргізу жолымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы айқындайтын, тиісті жылға арналған тиісті тыңайтқыш түрлері бойынша қалыптасқан тыңайтқыштардың ең төмен нарықтық құны;
12) шетелдiк тыңайтқыштарды өндiрушi – шетелдік өндіріс тыңайтқыштарын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) тіркеген Қазақстан Республикасының бейрезиденті;
13) электрондық агрохимиялық картограмма – танап топырағының өсімдіктер үшін сіңімді қоректік элементтермен – қарашірікпен, макро және микроэлементтермен қамтамасыз етілуі дәрежесін түсті бейнеде көрсететін, топырақты агрохимиялық зерттеп-қарау жөніндегі мамандандырылған (аккредиттелген) зертхана берген картографиялық ақпарат;
14) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
Полная версия
ИС BestProfi