1. «Байланыс саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 531 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11380 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 30.01.2019
«Байланыс саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 531 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 429 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 қаңтарда № 16218 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 30 қаңтардан бастап ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 27.12.2018 жылғы № 549 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мыналар:
1) «көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
«2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі»;
«5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.»;
«3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»;
«11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым Министрліктің www.miс.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі 8, 14- кіреберіс, 8 (7172) 74-03-64 телефоны бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Полная версия