Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2023
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 және "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 463 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 30 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес 
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 7-тармағына және 44-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 49, 313-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, нормативтік құқықтық актілердің мынадай деректемелері болуға тиіс:";
"6) нормативтiк құқықтық актiлерге қол қоюға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбалары;";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:  
"Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгі бар нормативтік құқықтық актілерде Заңның 22-бабында көрсетілген деректемелер қамтылуға тиіс.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерінде Заңның 22-бабында көрсетілген деректемелер қамтылуға тиіс.";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар нормативтiк құқықтық актiнiң барлық парақтарының әрбір бетіне осы актiнi қабылдаған (келiскен) органның заң қызметiнің басшысы, ол болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес оның мiндетiн атқарушы (алмастырушы) адам қол қояды.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:  
Полная версия
ИС BestProfi