Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 17.04.2020
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 548 қаулысы
Осы Қаулы күшін жояды 2020 жылғы 17 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 03.04.2020 жылғы № 165 Қаулысына сәйкес
1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 55, 769-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
реттік нөмірі 4-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) немесе олардың телнұсқаларын беру»;
реттік нөмірі 5-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 6-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысының қатысушыларына куәліктер беру»;
реттік нөмірі 7-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке және заңды тұлғалар»;
реттік нөмірі 15-жолда:
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, «электрондық үкіметтің» веб-порталы»;
реттік нөмірі 16-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-2-жолмен толықтырылсын:
«
Полная версия