БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 16.05.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 839 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 қазанда № 17465 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 16 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 29.04.2025 жылғы № 208 Бұйрығына сәйкес
Редакция 17.05.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың
1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 839 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығымен (21.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығымен (21.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 29.04.2025 жылғы № 209 Бұйрығымен (29.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 140 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16409 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне 2018 жылғы 1 наурызда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидаларында:
«Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері пулын айқындау кезінде республикалық маңызы бар қалалардың, астананың пулы жеке бөлінеді.».
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 839 бұйрығына қосымша
Осы Қосымша күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 29.04.2025 жылғы № 209 Бұйрығымен (29.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия

