Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.06.2020
Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 қазанда № 17557 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 2 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 19.05.2020 жылғы № 41 Бұйрығына сәйкес
Редакция 09.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу»;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу»;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасын, селекциялық жетiстiктердi және өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығын беруді тіркеу;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.07.2019 жылғы № 382 Бұйрығына сәйкес (11.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке және өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты беруді тіркеу;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.07.2019 жылғы № 382 Бұйрығына сәйкес (11.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасын тіркеу;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.07.2019 жылғы № 382 Бұйрығына сәйкес (11.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.07.2019 жылғы № 382 Бұйрығына сәйкес (11.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес «Өнеркәсіптік меншік саласындағы қорғау құжаттарын беру;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.07.2019 жылғы № 382 Бұйрығына сәйкес (11.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес «Селекциялық жетістікке қорғау құжатын беру;
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.07.2019 жылғы № 382 Бұйрығына сәйкес (11.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес «Интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.07.2019 жылғы № 382 Бұйрығына сәйкес (11.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес «Тауар белгілері, тауар шығарылған жерлердің атаулары мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмесін ұсыну;
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 05.07.2019 жылғы № 382 Бұйрығына сәйкес (11.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес «Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау»;
12) осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес «Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру».
2. Осы бұйрықтың 13-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Полная версия
ИС BestProfi