«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 669 қаулысы
Редакция 14.03.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.06.2019 жылғы № 380 Қаулысына сәйкес (23.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.12.2020 жылғы № 828 Қаулысына сәйкес (06.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамаларды қоспағанда, медициналық қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;
2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 230-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген фармацевтикалық қызмет түрлерін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;
3) тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері эпидемиялық мәні бар объектілерге медициналық және фармацевтикалық қызметке лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын органдар болып айқындалсын.
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.03.2022 жылғы № 96 Қаулысына сәйкес (08.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Полная версия