Экстернат нысанында оқыту және «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 18 ақпанда № 13110 болып тіркелді
Бұйрықтың атауына орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР Білім және ғылым министрінің 05.10.2018 жылғы № 540 Бұйрығына сәйкес
Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 жылғы № 225 Бұйрығына сәйкес (02.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 100) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 07.08.2023 жылғы № 248 Бұйрығына сәйкес (08.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса берілген Экстернат нысанында оқыту және «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 05.10.2018 жылғы № 540 Бұйрығына сәйкес (22.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 жылғы № 225 Бұйрығына сәйкес (02.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Экстернат нысанында оқыту және «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 05.10.2018 жылғы № 540 Бұйрығына сәйкес (22.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалардың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 жылғы № 225 Бұйрығына сәйкес (02.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Экстернат нысанында оқыту және «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 100) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және экстернат нысанында оқыту мен негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 02.09.2019 жылғы № 392 Бұйрығына сәйкес (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 жылғы № 225 Бұйрығына сәйкес (02.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 07.08.2023 жылғы № 248 Бұйрығына сәйкес (08.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
экстерн - денсаулығына байланысты білім беру ұйымдарында оқуға мүмкіндігі жоқ және/немесе шетелде уақытша тұратын, сондай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өзі дербес меңгерген тұлға.