Близость слов: Окончание:





 Палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 669 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 қазанда № 17615 болып тіркелді
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-26) тармақшасына және «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса беріліп отырған Палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. «Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 458 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 16 маусымда № 11351 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.  
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
  2018 жылғы «___» __________
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 24 қыркүйектегі
бұйрығымен № 669 бекітілген
Палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидалары
1. Осы Палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-26) тармақшасына және «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-28) тармақшасына сәйкес әзірленді және палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын, палубалы шағын көлемді кемелерге қолданылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) палубалы шағын көлемді кеме – бортқа, арақабырға және тіреуіш бағандарға сүйенетін кеме корпусында тұмсығынан артқы бөлігіне дейін төсемнен және жинақтан тұратын, су өткізбейтін көлденең жабыны бар шағын көлемді кеме;
Полная версия
ИС BestProfi