Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.08.2022
Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 1 қарашада № 17669 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2022 жылғы 21 тамыздан бастап күшін жойды ҚР Оқуағарту министрінің 03.08.2022 жылғы № 348 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 15.08.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5- бабының 5-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;  
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
7) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша күшін жойды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.07.2022 жылғы № 2 Бұйрығына сәйкес (23.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8-тармақша күшін жойды ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.07.2022 жылғы № 2 Бұйрығына сәйкес (23.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:  
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;  
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
1) 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 10-тармағының 6) тармақшасын және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 2-қосымшасындағы «Коммуникативтік-тілдік дағдылар» деген бөлімдегі реттік нөмірі 9-жолды;
Полная версия
ИС BestProfi