«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және 175-бабының 3) тармақшасына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 5-тармағына және 22-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2023
«Медициналық және фармацевтік кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлаудың үлгілік бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 165 және «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттар мен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № ҚР ДСМ-26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 қарашада № 17684 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 24 ақпаннан бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 16.02.2023 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес
«Медициналық және фармацевтік кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлаудың үлгілік бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15167 болып тіркелген, Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық және фармацевтік кадрлардың біліктілігін арттырудың және оларды қайта даярлаудың үлгілік бағдарламаларында:
«2-тарау. «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттырудың және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы»;
7. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Үлгілік бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология)» мамандығы бойынша Үлгілік оқу жоспарлары және білім беру бағдарламасының мазмұндары негізінде жүзеге асырылады.
8. «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылатын тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Ішкі аурулар терапиясындағы инновациялық технологиялар»;
«Салауатты өмір салтын ұстану мен аурулардың алдын алу»;
«Ауруханаға дейінгі және ауруханалық кезеңде ішкі аурулардың шұғыл терапиясы»;
«Жасөспірім ауруларының диагностикасы, ағымы мен емдеу ерекшеліктері»;
«Амбулаториялық-емханалық терапия»;
«Терапиядағы дәлелді медицина мәселелері»;
«Ішкі ағзалар ауруларын емдік тамақтану арқылы емдеу мәселелері»;
«Ауруханаға дейінгі және ауруханалық кезеңдегі терапиядағы диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы әдістері»;
«Терапиялық соматикалық және хирургиялық аурулардың шекаралық жағдайлары»;
«Терапиядағы диагностиканың аспаптық және зертханалық әдістері»;
«Шекаралық психикалық ауруларды диагностикалау, емдеу және жүргізу тактикасы, сонымен қатар самотоформдық бұзылулар кезінде».
Полная версия