Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2023
 «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1149 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қарашадағы № 735 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 31 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 603 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1149 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 80-81-82, 592-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 9 қарашадағы
№ 735 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1149 қаулысымен  
бекітілген
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 84-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті қалыптастыру мен бекіту тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган – кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган);
2) кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есеп (бұдан әрі – есеп) – мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын реттеуші мемлекеттік орган қалыптастырған есеп;
3) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есеп (бұдан әрі – жылдық есеп) – уәкілетті орган қалыптастырған есеп;
4) реттеушілік әсерді талдау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы есеп (бұдан әрі – РӘТ жөніндегі есеп) – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы қалыптастырған есеп;
5) реттеуші мемлекеттік органдар – мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын, реттегіш құрал енгізілген немесе енгізілуі жоспарланып отырған мемлекеттік органдар.
2-тарау. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту тәртібі
3. Жылдық есепті уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жыл қорытындылары бойынша есептердің және РӘТ жөніндегі есептердің негізінде қалыптастырады.
4. Есептер/РӘТ жөніндегі есептер реттеуші мемлекеттік органдардың/облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында орналастырылады және есепті жылдан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірілмей уәкілетті органға енгізіледі.
5. Есеп мыналар жөніндегі ақпаратты қамтиды:
Полная версия
ИС BestProfi