Близость слов: Окончание:





2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 30 қарашадағы № 197-VІ
Редакция 01.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-бап. 2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.04.2019 жылғы № 246-VІ Заңына сәйкес (30.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.07.2019 жылғы № 263-VІ Заңына сәйкес(19.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 22.10.2019 жылғы № 266-VІ Заңына сәйкес(05.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) кiрiстер – 10 547 475 255 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша – 6 871 663 083 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша – 202 769 538 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 6 884 960 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша – 3 466 157 674 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 265 647 847 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер – 381 675 587 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 116 027 740 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 169 172 084 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу – 169 172 084 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы – -1 364 635 486 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 2,1 пайызы;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы – -5 495 623 486 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 8,5 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 1 364 635 486 мың теңге.
2-бап. 2019 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 42 550 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 7 414 430 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсiмдері көзделсiн.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2019 жылға арналған түсiмдердiң көлемдерi осы Заңға 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есепке жатқызылатын болып белгiленсiн:
Полная версия
ИС BestProfi