Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 310 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2018 жылғы 9 ақпандағы № 633 Жарлығының 3-тармағын  орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Комитет төрағалары, департамент директорлары іс-шаралар жоспарының мүлтіксіз және уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті (Д.К. Кукамбаева) белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты енгізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы А.А. Өрсариевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Құрметті қолданушылар, осы бұйрықтың жоспары "BestProfi" АЖ деректер базасына түскен жоқ 
Полная версия
ИС BestProfi