Близость слов: Окончание:





2017-2018 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырудан босатылатын, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары (ғылыми жарыстардың) 2015, 2016 жылдардағы жеңімпаздарының тізімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығы
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысының 4-тармағына  сәйкес және Қазақстан Республикасы азаматтарының заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған 2017-2018 оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырудан босатылатын, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) 2015, 2016 жылдардағы жеңімпаздарының тізімі  (бұдан әрі - Тізім) бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының басшылары, республикалық білім беру ұйымдарының директорлары (келісім бойынша):
1) Тізімге сәйкес бітірушілер арасында қорытынды аттестаттауды 2018 жылғы 9 маусымға дейін өткізсін;
2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығына Тізімге сәйкес бітірушілер арасындағы қорытынды аттестаттау аяқталған соң қорытынды ведомостарды 2018 жылғы 15 маусымға дейін ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ш.Т. Каринова) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының, республикалық білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 22 мамырдағы
№ 219 бұйрығымен
бекітілді
2017-2018 оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырудан босатылатын, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының
(ғылыми жарыстардың) 2015, 2016 жылдардағы жеңімпаздарының тізімі

Аты - жөні

Білім ұйымдарының атауы

Түлектердің жетістіктері

Оқыту тілі

Ақмола облысы

1.

1.

Құттымбек Данияр Әсетұлы

«Білім-инновация» лицей-интернаты, Көкшетау қаласы

Информатикадан Еуразиялық олимпиада, Алматы қаласы, II, III дәрежелі диплом

Орысша

Атырау облысы

2.

1.

Аманиязов Иманғали Асқарұлы

Облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, Атырау қаласы

«Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми жарысы, Байқоңыр қаласы, III дәрежелі диплом

Қазақша

3.

2.

Хайреден Айбын Хайреденұлы

Дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты, Атырау қаласы

Информатикадан Еуразиялық олимпиада, Алматы қаласы, III дәрежелі диплом

Қазақша

4.

3.

Хинатолла Нұрберген Өтегенұлы

Дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты, Атырау қаласы

Информатикадан Еуразиялық олимпиада, Алматы қаласы, III дәрежелі диплом

Қазақша

5.

4.

Хисмет Рахим Сәбитұлы

Дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты, Атырау қаласы

Информатикадан Еуразиялық олимпиада, Алматы қаласы, III дәрежелі диплом

Қазақша

6.

5.

Тілекбай Бекзат Мейрамұлы

Дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты, Атырау қаласы

Информатикадан Еуразиялық олимпиада, Алматы қаласы, III дәрежелі диплом

Қазақша

Жамбыл облысы

7.

1.

Жұмахан Санжар Дәуренұлы

Облыстық дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» мектеп-интернаты, Тараз қаласы

Физикадан халықаралық жасөспірімдер олимпиадасы Бали аралы (Индонезия), III дәрежелі диплом

Қазақша

8.

2.

Қайназарова Еркежан Ғалымжанқызы

Облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мектеп, Тараз қаласы

«Жас ғалым» атты Халықаралық ғылыми жобалар конкурсы, Тэджон қаласы (Оңтүстік Корея), II дәрежелі диплом

Қазақша

Қарағанды облысы

9.

1.

Дюсембаев Дамир Толеуханович

№ 1 «Білім-инновация» лицей-интернаты, Қарағанды қаласы

Математикадан, информатикадан, физикадан, химиядан Халықаралық «Туймаада» олимпиадасы, Саха Республикасы (Якутия), III дәрежелі диплом

Орысша

Қостанай облысы

10.

1.

Мусабекова Альфия Мырзаханқызы

Физика-математикалық лицейі, Қостанай қаласы

Информатикадан Еуразиялық олимпиада, Алматы қаласы, III дәрежелі диплом

Орысша

Маңғыстау облысы

11.

1.

Бекболатова Маруан Болатбекқызы

Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, Ақтау қаласы

«Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми жарысы, Байқоңыр қаласы, III дәрежелі диплом

Қазақша

12.

2.

Жұмашев Альберт Берікұлы

«Білім-инновация» лицей-интернаты, Ақтау қаласы

Халықаралық «INFOMATRIX- ASIA», ғылыми жоба жарысы, Қаскелең қаласы, II дәрежелі диплом

Қазақша

13.

3.

Әлібеков Алишер Асқарұлы

«Білім-инновация» лицей-интернаты, Ақтау қаласы

«MOSTRATEC» халықаралық олимпиадасы, Ново Хамбург қаласы (Бразилия), III дәрежелі диплом

Қазақша

Павлодар облысы

14.

1.

Берсүгір Абдулғафур Қайыржанұлы

Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты, Павлодар қаласы

Халықаралық «INFOMATRIX-ASIA», ғылыми жоба жарысы, Қаскелең қаласы, III дәрежелі диплом

Қазақша

15.

2.

Мохаммед-Али Амир Мохаммед- Алиевич

Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебі, Павлодар қаласы

Халықаралық математикалық олимпиада, Гонконг қаласы (Қытай Халық Республикасы), I дәрежелі диплом

Қазақша

16.

3.

Рахимов Темирлан Бауыржанович

Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты, Павлодар қаласы

Математикадан, информатикадан, физикадан, химиядан Халықаралық «Туймаада» олимпиадасы, Саха Республикасы (Якутия), I дәрежелі диплом

Орысша

Алматы қаласы

17.

1.

Абитаев Жанибек Кайратұлы

«Білім-инновация» мамандандырылған лицейі

Физикадан халықаралық жасөспірімдер олимпиадасы Бали аралы (Индонезия), II дәрежелі диплом

Орысша

18.

2.

Алуадин Айдын Қайырбекұлы

«Білім-инновация» мамандандырылған лицейі

Информатикадан Еуразиялық олимпиада, Алматы қаласы, III дәрежелі диплом

Қазақша

19.

3.

Билялов Шынгыс

«Heileybury» халықаралық мектебі

Батыс Қытай математикалық олимпиадасы Мяньян қаласы (Қытай Халық Республикасы),. II дәрежелі диплом

Орысша

20.

4.

Кусаинов Жанболат

«Білім-инновация» мамандандырылған лицейі

Информатикадан Еуразиялық олимпиада, Алматы қаласы, III дәрежелі диплом

Қазақша

21.

5.

Рахматуллин Ралиф Ильдусович

«Білім-инновация» мамандандырылған лицейі

Информатикадан Еуразиялық олимпиада, Алматы қаласы, III дәрежелі диплом

Қазақша

22.

6.

Цеховой Алексей Петрович

№ 165 мамандырылған лицейі

Жасөспірімдер арасындағы Балқан математикалық олимпиадасы, Слатина қаласы (Румыния), III дәрежелі диплом

Орысша

23.

7.

Бидайбек Санжар

«Heileybury» халықаралық мектебі

Информатикадан халықаралық олимпиада Қазан қаласы (Ресей Федерациясы), II дәрежелі диплом

Орысша

24.

8.

Асматуллаев Рахман Пархатович

№ 165 мамандырылған лицейі

Жасөспірімдер арасындағы Балкан математикалық олимпиадасы, Слатина қаласы (Румыния) II дәрежелі диплом

Орысша

Астана қаласы

25.

1.

Маликова Айнеля Ерлановна

№ 3 мектеп-гимназиясы

«MOSTRATEC» халықаралық олимпиадасы, Ново Хамбург қаласы (Бразилия), I дәрежелі диплом

Орысша

26.

2.

Батырбек Данель Солтанұлы

Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейі

Информатикадан Еуразиялық олимпиада, Алматы қаласы, III дәрежелі диплом

Орысша

27.

3.

Әбілқасым Дәурен Нұрадинұлы

№ 66 мектеп-лицейі

«MOSTRATEC» халықаралық олимпиадасы Ново Хамбург қаласы (Бразилия), I дәрежелі диплом

Қазақша

28.

4.

Жанатұлы Ахметәлі

№ 17 мектеп-гимназиясы

«MOSTRATEC» халықаралық олимпиадасы Ново Хамбург қаласы (Бразилия), III дәрежелі диплом

Орысша

29.

5.

Кудайберген Алихан Бахытжанұлы

Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейі

Математикадан, информатикадан, физикадан, химиядан Халықаралық «Туймаада» олимпиадасы, Саха Республикасы (Якутия), II дәрежелі диплом

Орысша

30.

6.

Мейрам Серикболсын

Дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебі

Мамандандырылған мектеп оқушыларына арналған математика, физика және информатика пәндері бойынша халықаралық Жәутіков олимпиадасы Алматы қаласы, III дәрежелі диплом

Қазақша

31.

7.

Омаров Рауан Болатбекович

Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейі

Информатикадан Еуразиялық олимпиада, Алматы қаласы, III дәрежелі диплом

Орысша

32.

8.

Ошакбаев Айбар Куатович

Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейі

Жасөспірімдер арасындағы Балқан математикалық олимпиадасы, Слатина қаласы (Румыния), II дәрежелі диплом

Орысша

33.

9.

Шаяхметов Ерарслан Саятұлы

Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейі

Математикадан, информатикадан, физикадан, химиядан Халықаралық «Туймаада» олимпиадасы, Саха Республикасы (Якутия), III дәрежелі диплом

Орысша

34.

10.

Бекетұлы Мирас

Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейі

«MOSTRATEC» халықаралық олимпиадасы, Бразилия, Ново Хамбург, III дәрежелі диплом

Орысша

35.

11.

Дүйсенбай Олжас Нұрлыбекұлы

Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейі

Халықаралық «INFOMATRIX-ASIA», ғылыми жоба жарысы, Қаскелең қ., II дәрежелі диплом

Орысша

36.

12.

Нуртазаев Нуркен Серикович

Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейі

«MOSTRATEC» халықаралық олимпиадасы Ново Хамбург қаласы (Бразилия), III дәрежелі диплом

Орысша

37.

13.

Бисултанов Ернар Исатайұлы

Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейі

«MOSTRATEC» халықаралық олимпиадасы Ново Хамбург қаласы (Бразилия), III дәрежелі диплом

Орысша

38.

14.

Балтабеков Рустем Даниарбекұлы

Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейі

Халықаралық «INFOMATRIX-ASIA», ғылыми жоба жарысы, Қаскелең қаласы, II дәрежелі диплом

Орысша

39.

15.

Тажибеков Төрехан Искандерұлы

Специализированный лицей-интернат «Білім-Инновация»

Математикадан, информатикадан, физикадан, химиядан Халықаралық «Туймаада» олимпиадасы, Саха Республикасы (Якутия), III дәрежелі диплом

Орысша

«Республикалық физика-математика мектебі» КАҚ

40.

1.

Алина Гаухартас Галымзадақызы

«Республикалық физика-математика мектебі» КАҚ

Физикадан халықаралық жасөспірімдер олимпиадасы Бали аралы (Индонезия) II дәрежелі диплом

Орысша

41.

2.

Аманбаева Аружан Маратовна

«Республикалық физика-математика мектебі» КАҚ

Халықаралық математикалық олимпиада Гонконг қаласы (Қытай Халық Республикасы), III дәрежелі диплом

Орысша

42.

3.

Шынтай Алуа Айдосқызы

«Республикалық физика-математика мектебі» КАҚ

Жасөспірімдер арасындағы Балкан математикалық олимпиадасы Слатина қаласы (Румыния), II дәрежелі диплом

Орысша

43.

4.

Баймуканов Абай Айдарұлы

«Республикалық физика-математика мектебі» КАҚ

Информатикадан Еуразиялық олимпиада, Алматы қаласы, III дәрежелі диплом

Орысша

«Республикалық физика-математика мектебі» КАҚ филиалы

44.

1.

Нарбаев Бакдәурен Серікұлы

«Республикалық физика-математика мектебі» КАҚ филиалы

Мамандандырылған мектеп оқушыларына арналған математика, физика және информатика пәндері бойынша халықаралық Жәутіков олимпиадасы Алматы қаласы, III дәрежелі диплом

Қазақша

Полная версия
ИС BestProfi