БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2019
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің 22 қарашадағы 2018 жылғы № 1549 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 қарашада № 17779 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Әділет министрінің 26.06.2019 жылғы № 349 Бұйрығына сәйкес
Редакция 05.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң кейбiр бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Әділет министрінің 11.04.2019 жылғы № 184 Бұйрығына сәйкес (22.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) «Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11384 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекiтiлген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
«2) порталда – акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, өтініш берілген кезден бастап жұмыс күнінің бір сағаты ішінде көрсетіледі.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажеттігі болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша заңды тұлғаны, филиалды немесе өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу мерзімі анықталған кемшіліктер жойылғанға немесе тиісті қорытынды (сараптама) алынғанға дейін тоқтатылатұрады.
Банктерді, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, оның ішінде саяси партияларды, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі –Министрлік) жүргізеді.
Жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, қорларды және заңды тұлғалардың бірлестіктерін мемлекеттік тіркеуді, тиісті облыстағы және Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді облыстардың, Астана, Алматы мен Шымкент қалаларының Әділет департаменттері жүзеге асырады.
Министрлікте, облыстық және Астана, Алматы мен Шымкент қалаларының Әділет департаменттерінде тіркеуге жататындардан басқа, тиісті облыстарда құрылған, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аудандық (қалалық) Әділет басқармалары жүзеге асырады.»;
«5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды/қағаз түрінде.»;
«6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) не осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша түрде дәлелді бас тарту.
Порталға жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жолданады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
Полная версия