Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2023
Аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидаларын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін бекіту және «Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 31 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 603 Қаулысына сәйкес 
Редакция 17.09.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 64-бабының 4 және 9-тармақтарына, 98-бабы 1-тармағының 22) және 23) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2) Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібі бекітілсін.
2. «Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 547-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 64-бабының 9-тармағына, 98-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережеде:
«1) кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан (бұдан әрі – Ұлттық палата) міндетті мүше болуға (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардан және өзге де коммерциялық емес ұйымдардан сараптама қорытындыларын алу;»;
«2-тарау. Сараптамалық кеңестерді қалыптастыру тәртібі»;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сараптамалық кеңестің құрамы Ұлттық палатаның, міндетті мүше болуға (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың, заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және коммерциялық емес өзге де ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік органның өкілдерінен қалыптастырылады.»;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сараптамалық кеңестің құрылымы төрағадан, оның орынбасарынан (орынбасарларынан), хатшысынан және кеңес мүшелерінен тұрады.»;
Полная версия
ИС BestProfi