Адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 834 қаулысы
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.08.2022 жылғы № 559 Қаулысына сәйкес (13.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы 2023 жылғы 30 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес
Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.08.2022 жылғы № 559 Қаулысына сәйкес (13.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері (бұдан әрі – ақы төлеу мөлшері) бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.08.2022 жылғы № 559 Қаулысына сәйкес (13.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 834 қаулысымен
бекітілген
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.08.2022 жылғы № 559 Қаулысына сәйкес (13.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерлері
1. Адвокат көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері:
аса ауыр қылмыс жасады деп күдіктену, айып тағу бойынша өзіне қатысты қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында тоқтатылған күдіктінің, айыпталушының қорғаушысы ретінде қатысудың;
аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қамауда ұсталған, үйқамақтағы немесе қылмыстық-атқару жүйесi мекемесінде жазасын өтеп жатқан өзі қорғайтын адаммен кездесудің;
өтініштер, өтінішхаттар, процестік келісімдер, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімдер, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздарға қарсылықтар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда азаматтық талапкермен, азаматтық жауапкермен бітімгершілік келісімдер, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдер немесе дауды партисипативті тәртіппен реттеу туралы келісімдер, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталғанды қорғау және олардың мүддесінде азаматтық талап қоюға немесе аса ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның мүддесінде пікір (қарсылық) білдірудің бір сағаты үшін тиісті кезеңге бекітілген 1,15 айлық есептік көрсеткіш;
ауыр қылмыстық іс жасады деп күдіктену, айып тағу бойынша өзіне қатысты қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында тоқтатылған күдіктінің, айыпталушының қорғаушысы ретінде қатысудың;
ауыр қылмыс жасағаны үшін қамауда ұсталған, үйқамақтағы немесе қылмыстық-атқару жүйесi мекемесінде жазасын өтеп жатқан өзі қорғайтын адаммен кездесудің;
өтініштер, өтінішхаттар, процестік келісімдер, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімдер, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздарға қарсылықтар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда азаматтық талапкермен, азаматтық жауапкермен бітімгершілік келісімдер, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдер немесе дауды партисипативті тәртіппен реттеу туралы келісімдер, ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталғанды қорғау және олардың мүддесінде азаматтық талап қоюға немесе ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның мүддесінде пікір (қарсылық) білдірудің бір сағаты үшін тиісті кезеңге бекітілген 0,78 айлық есептік көрсеткіш;
заң көмегіне ақы төлеуден және азаматтық іс бойынша іс жүргізуде өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босатылған адамның атынан өкілдік етудің және оларды бюджет қаражаты есебіне жатқызудың;
қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс жасады деп күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның немесе қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс жасады деп тағылған айыптан ақталғанның;
қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс жасады деп күдіктену, айып тағу бойынша өзіне қатысты қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында тоқтатылған күдіктінің, айыпталушының қорғаушысы ретінде қатысудың;
қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның өкілі ретінде қатысудың;
онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін қамауда ұсталған, үйқамақтағы немесе қылмыстық-атқару жүйесi мекемесінде жазасын өтеп жатқан өзі қорғайтын адаммен не әкімшілік ұстап алуға тартылған адаммен кездесудің;
өтініштер, өтінішхаттар, процестік келісімдер, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімдер, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздарға қарсылықтар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда, азаматтық талапкермен, азаматтық жауапкермен бітімгершілік келісімдер, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдер немесе дауды партисипативті тәртіппен реттеу туралы келісімдер, қылмыстық терiс қылық немесе онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталғанды қорғау және олардың мүддесінде азаматтық талап қоюға немесе қылмыстық терiс қылық немесе онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс салдарынан әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша немесе азаматтық іс бойынша жәбірленуші деп танылған адамның мүддесінде пікір (қарсылық) білдірудің;
адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін консультациялар, анықтамалар, құқықтық сипаттағы құжаттарды жасау түрінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 475-бабы үшінші бөлігінің бірінші абзацында және 476-бабының 4), 5), 5-1), 11), 13), 15), 17), 19) және 22) тармақшаларында көзделген жағдайларда соттардың үкімдері мен қаулыларын орындау барысында ұсынылатын құжаттарды дайындау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өзге де түрде көрсетуінің бір сағаты үшін тиісті кезеңге бекітілген 0,56 айлық есептік көрсеткіш;
4) қылмыстық іс бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері қорғаушы ретінде қатысудың бір сағаты үшін – осы қосымшаның 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларында белгіленген ақы төлеу мөлшерінен 1,5;
5) тергеп-тексерудің немесе өзге әрекеттің басталуын немесе оны кейінге қалдырған жағдайда оның жалғастырылуын: сот отырысының басталуын немесе оны кейінге қалдырған жағдайда оның жалғастырылуын күткен уақыты үшін – осы қосымшаның 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларында белгіленген ақы төлеу мөлшерінен 50 пайыз;
6) нақты іс бойынша қорғауды немесе өкілдік етуді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының шегінде басқа жерге іссапарға шығуға байланысты шығыстарды өтеу – мемлекет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін белгіленген мөлшерде.
2. Заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері:
заң көмегіне ақы төлеуден және азаматтық іс бойынша іс жүргізуде өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босатылған адамның атынан өкілдік етудің және оларды бюджет қаражаты есебіне жатқызудың;
өтініштер, өтінішхаттар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздарға қарсылықтар, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімдер, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдер немесе дауды партисипативті тәртіппен реттеу туралы келісімдер және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеудің бір сағаты үшін – тиісті кезеңге бекітілген 0,56 айлық есептік көрсеткіш;
2) сот отырысының басталуын немесе оны кейінге қалдырған жағдайда оның жалғастырылуын күткен уақыты үшін – осы қосымшаның 2-тармағының 1) тармақшасында белгіленген ақы төлеу мөлшерінен 50 пайыз;
3) нақты іс бойынша өкілдік етуді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының шегінде басқа жерге іссапарға шығуға байланысты шығыстарды өтеу – мемлекет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін белгіленген мөлшерде.