Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 02.03.2024
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 554 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 829 қаулысы
Осы Қаулы 2024 жылғы 2 наурыздан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2023 жылғы № 731 Қаулысына сәйкес
1. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 554 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 40-41, 278-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру қағидаларында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Уәкілетті орган ТМККК шеңберінде көрсетілетін қызметтер үшін және МӘМС жүйесінде әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге берілетін трансферттерді аударуды қордың қазынашылықтағы қолма-қол ақшаны бақылау шотына ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде (желтоқсан айыда 20-күнге дейін) төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының сомалары шегінде ай сайын жүзеге асырады.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Өткен қаржы жылында бөлінген, ТМККК шеңберінде көрсетілген қызметтер үшін және МӘМС жүйесінде әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілген қызметтеріне ақы төлеуге берілетін трансферттердің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары алдыңғы жылдың міндеттемелерін қор өтегеннен кейін, бірақ ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірмей республикалық бюджет кірісіне қайтарылуға тиіс.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Полная версия