Близость слов: Окончание:





Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы N 185 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 29 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4771 болып енгізілді.
Редакция 03.07.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 5-тармағының 6) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары бекітілсін.
2. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н.Айтжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын: 
1) "Бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгi жоспарын бекiту туралы" 2002 жылғы 18 қыркүйектегі  N 438  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1992 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., N 45-46, 729-құжат);
2) "Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 18.09.2002 ж. N 438 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2003 жылғы 21 қазандағы  N 372  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2554 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., N 43-48, 896-құжат);
3) "Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты (негізді) бекіту туралы" 2005 жылғы 22 желтоқсандағы  N 426  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2554 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2006 ж. N 2, 201-құжат).
4. Осы бұйрық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің 
2007 жылғы 23 мамырдағы 
N 185 бұйрығымен
бекітілген
Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары
Үлгілік жоспар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 02.10.2018 жылғы № 877 Бұйрығына сәйкес (23.05.2007 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2019 жылдан бастап)
Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары (бұдан әрі – Үлгілік жоспар) «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 5-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Үлгілік жоспар қаржылық есептілік элементтерін топтауға және құндық мәнде ағымдағы көрсетуге арналған.
3. Үлгілік жоспарда бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары осы Үлгілік жоспарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтімділігін азайту тәртібімен орналастырылған. Үлгілік жоспарда бухгалтерлік есеп шоттары нөмірлерінің төрт саны бар. Нөмірдің бірінші саны бөлімдерге тиістілігін, екіншісі – кіші бөлімдерге тиістілігін, үшіншісі – синтетикалық шоттардың топтарына тиістілігін көрсетеді, төртінші санды ұйым дербес анықтайды.
4. Операциялар мен оқиғалардың талдамалық есебiн жүргiзу тәртiбiн дара кәсiпкер немесе заңды тұлғаның лауазымды адамдары белгiлейдi, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және құрылтай құжаттарға сәйкес дара кәсiпкердiң немесе ұйымның қажеттiлiктерiн негiзге ала отырып ағымдағы басшылықты және iстердi жүргiзудi жүзеге асырады.
Полная версия
ИС BestProfi