Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 12.09.2023
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін инвестициялау үшін қаржылық құралдардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 210 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 828 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 12 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2023 жылғы № 731 Қаулысына сәйкес
1. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін инвестициялау үшін қаржылық құралдардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 210 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 21-22, 126-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін инвестициялау үшін қаржылық құралдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1. | Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің банктік шотындағы ақша |
".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Полная версия