Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 846 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.12.2021 жылғы № 956 Қаулысына сәйкес (20.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.03.2023 жылғы № 259 Қаулысына сәйкес (30.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 28.03.2023  жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.12.2021 жылғы № 956 Қаулысына сәйкес (20.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – тұжырымдама) бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.12.2021 жылғы № 956 Қаулысына сәйкес (20.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.03.2023 жылғы № 259 Қаулысына сәйкес (30.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдары мен ұйымдар (келісу бойынша):
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.12.2021 жылғы № 956 Қаулысына сәйкес (20.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
1) Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын".
2-1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.
Осы Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 30.12.2021 жылғы № 956 Қаулысына сәйкес
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев 
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 846 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Тұжырымдама жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.12.2021 жылғы № 956 Қаулысына сәйкес (20.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Тұжырымдама жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.03.2023 жылғы № 259 Қаулысына сәйкес (30.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасындағы Өнеркәсіптік-инновациялық дамудың ағымдағы жағдайын талдау
2. Өнеркәсіптік-инновациялық даму саласындағы мемлекеттік саясаттың халықаралық тәжірибесіне шолу
3. Өнеркәсіптік-инновациялық даму пайымы
4. Дамудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
5. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер
6. Қазақстан Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында қойылған міндеттерді орындау мақсатында әзірленді. Мәселен, өнеркәсіп секторларында мамандандырылған факторлар мен нарықтық жағдайлар жасау жөніндегі міндеттерді шешу үшін өңдеу өнеркәсібі өндірушілері үшін мемлекеттік қолдау шараларының құралдарын, оның ішінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісім шеңберіндегі пакеттік шешімдерді кеңейту көзделген.
Полная версия
ИС BestProfi