Осы Заңның мақсаттары мыналар болып табылады:
Табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ
ҚР Премьер-Министрінің 31.01.2019 жылғы № 10-ө Өкімін қараңыз Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 09.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңның мақсаттары
1) тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу;
2) табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздерін айқындау;
3) реттеліп көрсетілетін қызметтердің тұтынушылар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету;
4) тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектiлерiнің мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету;
5) табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу рәсімдерінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету;
6) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды және оларға сұранысты қанағаттандыруды ынталандыру.
2-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылуы
1. Осы Заң табиғи монополиялар субъектiлерi ұсынатын Қазақстан Республикасының көрсетілетін қызметтер нарығында туындайтын қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заңда қамтылмаған қатынастар Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамасымен реттеледі.
3. Осы Заңмен табиғи монополиялар салаларына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополия субъектісіне қызметті мемлекеттік реттеу және мемлекеттік бақылау реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуға қатысты ғана қолданылады.
4. Осы Заңның күші табиғи монополиялар салаларына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға мынадай:
1) қызметі өз мұқтаждарына ғана арналған объектiлердi салу мен пайдалануға байланысты болатын;
Полная версия