Близость слов: Окончание:





Табиғи монополиялар туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ
ҚР Премьер-Министрінің 31.01.2019 жылғы № 10-ө Өкімін қараңыз
Редакция 02.07.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері және қағидаттары
1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.07.2025 жылғы № 213-VIII Заңына сәйкес (12.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Заңның негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
1) тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу;
2) табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздерін айқындау.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) реттеліп көрсетілетін қызметтердің тұтынушылар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету;
2) тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектiлерiнің мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету;
3) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды және оларға сұранысты қанағаттандыруды ынталандыру.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
2) табиғи монополиялар және табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтер көрсетуі салаларындағы мемлекеттік реттеудің жариялылығы мен ашықтығы.
2-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
1. Осы Заң табиғи монополиялар субъектiлерi ұсынатын Қазақстан Республикасының көрсетілетін қызметтер нарығында туындайтын қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заңда қамтылмаған қатынастар Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамасымен реттеледі.
Полная версия
ИС BestProfi