Осы Заң кинематография саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және оның құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Кинематография туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 212-VІ
Редакция 20.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңның мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік маңызы бар фильмдер – қоғамның патриоттық, рухани-адамгершілік, зияткерлік және мәдени әлеуетін арттыруға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған өзекті, оның ішінде тарихи фильмдер;
2) бірлесіп шығарылған фильм – шығарылуы шетелдік жеке және (немесе) заңды тұлғалар мен Қазақстан Республикасы азаматтарының және (немесе) Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының қатысуымен жүзеге асырылатын фильм;
3) дебюттік фильм – қоюшы режиссердің алғашқы фильмі;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) кадр сыртындағы аударма – аударылған сөздер туындының түпнұсқа дыбыс жолына салынатын фильмді аудару түрі;
5) кинематография – фильмдерді шығаруға, пайдалануға және сақтауға бағытталған шығармашылық, ұйымдастырушылық-өндірістік, экономикалық, ғылыми, білім беру қызметінің түрлерін біріктіретін мәдениет саласы;
5-1) кинематографиялық қызмет субъектісі – қызметінің негізгі түрлері: фильм жəне (немесе) киножылнама шығару, фильмді прокаттау, фильмді көрсету, фильмді қалпына келтіру, кинозалға техникалық қызмет көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильмді шығару жөніндегі жұмыстарды орындау жəне қызметтерді көрсету, кинематография саласындағы білім беру, ғылыми, зерттеу, баспа, жарнамалық-насихаттау қызметі, фильмді сақтау болатын кəсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке тұлға; кинематографиялық ұйым;
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) кинематографиялық ұйым – қызметінің негізгі түрлері: фильм және (немесе) киножылнама шығару, фильмді прокаттау, фильмді көрсету, фильмді қалпына келтіру, кинозалға техникалық қызмет көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильмді шығару жөніндегі жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету, кинематография саласындағы білім беру, ғылыми, зерттеу, баспа, жарнамалық-насихаттау қызметі, фильмді сақтау болып табылатын заңды тұлға;
7) киножоба – фильмді шығаруды және прокаттауды жүзеге асыруға негіз болатын құжаттар мен материалдардың (сценарий, режиссерлік экспликация, фильм шығаруға арналған смета, күнтізбелік-қойылымдық жоспар, маркетинг жоспары, көзбен шолу материалдары) жиынтығы (топтамасы);
8) киножылнама – уақыттың, орынның, мән-жайлардың өзіне тән ерекшеліктерін көрсететін және келешекте фильм шығаруға есептелген деректі сюжеттер;
8-1) киносериал – көп сериялы кинотуынды;
1-бап 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-2) киноспектакль – кинематография жəне (немесе) телевизия құралдарымен жүзеге асырылған театрлық спектакльдің экрандалуы;
1-бап 8-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-3) кинофестиваль – арнайы іріктелген фильмдерді көрсететін іс-шара;
1-бап 8-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) Қазақстан Республикасында шығарылған фильмдер – Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары шығарған және құқық иеленушілері де Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары болып табылатын фильмдер;
10) Мемлекеттiк фильмдер қоры – ұлттық фильмдердің, Қазақстан Республикасында шығарылған фильмдердің, бірлесіп шығарылған фильмдердің жəне киножылнаманың, оның ішінде ұлттық мəдени игіліктің ажырамас бөлігі ретінде ұлттық фильмдер мен киножылнаманың бастапқы материалдарының киноколлекциясы;
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) Мемлекеттiк фильмдер тiзiлiмi – прокатталуы және көрсетiлуi Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын фильмдердiң тiзбесi;
Полная версия