Близость слов: Окончание:





Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» және «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету, өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат нысанын және типті бекіту белгісінің нысанын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 931 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18110 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 жылғы № 197-НҚ Бұйрығына сәйкес (27.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 02.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 11) және 21) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.12.2023 жылғы № 441-НҚ Бұйрығына сәйкес (03.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» және «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметтер көрсетудің қағидалары;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 жылғы № 197-НҚ Бұйрығына сәйкес (27.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өлшем құралдарының типін бекіту туралысертификат нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес типті бекіту белгісінің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.12.2023 жылғы № 441-НҚ Бұйрығына сәйкес (03.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына, «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және даму министрінің 2018
жылғы 27 желтоқсандағы № 931 бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 жылғы № 197-НҚ Бұйрығына сәйкес (27.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» және «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары
1. Осы Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» және «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабының 21) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң)10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» және «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 03.02.2023 жылғы № 62-НҚ Бұйрығына сәйкес (24.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) айналымға шығару – өнімнің дайындаушыдан (импорттаушыдан) сатушыға және (немесе) тұтынушыға бастапқы ауысуы;
Полная версия
ИС BestProfi