БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
«Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 340 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 34 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 22 қаңтарда № 18221 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес
1. «Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 340 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 15266 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ә. Смайылов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы _________________Н.Айдапкелов 2018 жылғы «___» _____________
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 18 қантардағы № 34 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 340 бұйрығымен бекітілген
Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 120-1-бабы 2-тармағына және 120-2-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) айырбасталатын операциялар – бұл операцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекеме алынатын активтерге немесе қызметтерге, өз міндеттемелерін өтеуге айырбасқа шамамен құнға тең басқа баламаны тапсырады (негізінен ақшалай қаражат, тауарлар көрсетілетін қызметтер немесе пайдалануға басқа активтерді ұсыну түрінде);
2) айырбасталмайтын операциялар – айырбастаулы болып табылмайтын операциялар. Айырбасталмайтын операцияны жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекеме не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей тапсырусыз басқа субъектіден құн алады не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей алусыз басқа тарапқа құнды тапсырады;
Полная версия

