Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.12.2022
Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту қағидаларын, Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісін, қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті жасау және ресімдеу қағидаларын, сондай-ақ Қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитенті сақтауға тиісті талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 322 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 қаңтарда № 18183 болып тіркелді
Осы Қаулы 2022 жылғы 11 желтоқсаннан бастап күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 жылғы № 99 Қаулысына сәйкес
Редакция 21.10.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту қағидалары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісін, қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті жасау және ресімдеу қағидалары;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитенті сақтауға тиісті талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 322 қаулысына
1-қосымша
Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту қағидалары
Полная версия
ИС BestProfi