1. «Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 27.05.2020
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 561 бұйрығымен бекітілген 1-қосымша
«Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 27 мамырдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.04.2020 жылғы № 220 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 жылғы № 589 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасы бар өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
пайдаланушы сертификатын (бұдан әрі - сертификат) беру – 64 (алпыс төрт) жұмыс күні;
пайдаланушы сертификатының телнұсқасын (бұдан әрі - сертификат телнұсқасы) беру – 2 (екі) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған кезден бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – сертификатты (сертификат телнұсқасын) беру немесе осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Полная версия