Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгі шартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 41 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 6 ақпанда № 18267 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРAМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 18.08.2021 жылғы № 244 Бұйрығына сәйкес (06.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгі шарты бекітілсін.
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы 30 қаңтардағы
№ 41 бұйрығымен
бекітілген
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгі шарты
_____________ қаласы (кенті, ауылы) 20__ жылғы «__» ________№ ____
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.03.2021 жылғы № 74 Бұйрығына сәйкес (30.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 18.08.2021 жылғы № 244 Бұйрығына сәйкес (06.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
_____________________________________________________________ атынан (жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган) ____________________________________________________________________ (тұлғаның өкілдігін белгілейтін құжаттың ережесі, атауы және деректемелері) негізінде әрекет ететін ________________________________________________ (басшының немесе уәкілетті ____________________________________________________________________ тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) бір тараптан және бұдан әрі «Жалға алушы» деп аталатын __________________ ____________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасының шетелдік қатысуы жоқ мемлекеттік емес заңды ____________________________________________________________________ тұлғалары үшін – атауы, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – ____________________________________________________________________ аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) атынан ______________________________________________________________ (тұлғаның өкілдігін белгілейтін құжаттың ________________________________________________ негізінде әрекет ететін жарғысы (ережесі), атауы және деректемелері) ____________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасының шетелдік қатысуы жоқ мемлекеттік емес заңды тұлғалар ____________________________________________________________________ үшін – басшының немесе уәкілетті тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
1. Жалға беруші өзіне тиесілі мемлекеттік меншік құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін әкімдіктің ______жылғы «___»______ №______ қаулысы негізінде _____ жыл мерзімге ______жылғы «__» ______ дейін Жалға алушыға жер учаскелерін пайдалану үшін ақылы жалға береді (ұсынады).
Кадастрлық нөмірі (код) ________. Алаңы ____ гектар (бұдан әрі – га), олардың ішінде: ауыл шаруашылығы алқаптары _____ га (көп жылдық екпелер _____га, шабындық ___ га, жайылымдар _____га, егістіктер ___ га, оның ішінде суармалы __ га және өзгелері ___ га).
4. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы сомасы белгіленген болып табылмайды және оны Шарт талаптары өзгерген жағдайларда, сондай-ақ жерге салық және өзге де төлемдер есептеу тәртібін регламенттейтін заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға сәйкес Жалға беруші өзгертуі мүмкін.
5. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы Қазақстан Республикасының салық және жер заңнамаларына сәйкес айқындалады және Жалға алушы төлемдерді Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімдерде және одан әрі жыл сайын Қазақстан Республикасының салық және жер заңнамаларына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.03.2021 жылғы № 74 Бұйрығына сәйкес (30.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
бизнес-сәйкестендіру нөмірі __________________, жеке сәйкестендіру коды ________________, бюджеттік сәйкестендіру коды _________________, төлемді тағайындау коды _____________, бенефициар коды _______________, бенефициар-банктың коды _______________, банктің сәйкестендіру коды _______________ аудару жолымен төлеуі тиіс.
2) жер учаскесін пайдалану нәтижесінде алынған ауыл шаруашылығы және өзге дақылдар мен көшеттердің егісі мен екпелерін, ауыл шаруашылығы өнімі мен өзге де өнімді және оны өткізуден алынған табысты меншіктеуге;
4) Жалға берушінің келісуімен белгіленген құрылыс, экологиялық, санитариялық-гигиеналық және өзге де арнайы талаптарға сәйкес суландыру, құрғату және өзге де мелиоративтік жұмыстар жүргізуге, тоғандар мен өзге де су қоймаларын салу;
5) өз шаруашылығының мұқтажы үшiн жер учаскесiнде немесе өзіне тиесілі жер учаскелеріндегі жер қойнауында бар кең таралған пайдалы қазбаларды, екпелердi, жерүстi және жерасты суларын кейiннен мәмiлелер жасау ниетiнсіз, белгiленген тәртiппен пайдалану, сондай-ақ жердiң өзге де пайдалы қасиеттерiн пайдалану;
6) жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде жайылымдардың өнімділігі жайылатын ауыл шаруашылығы жануарларына азық қажеттілігінен асатын жағдайларда, азықты дайындау мақсатында шөп шабуды жүзеге асыру;
7) меншік құқығын, уақытша ұзақ мерзімге өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталына салым ретiнде, акционерлiк қоғам акцияларының төлемiне немесе өндiрiстiк кооперативке жарна ретiнде беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 33-бабы 1-тармағы алтыншы бөлігінің 5-1) тармақшасында көзделген тәртіппен және шарттарда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердегі жер пайдалану құқығын иеліктен шығару.
2) Шарттың мерзімін ұзартқан кезде, жер учаскесінің орналасқан орны бойынша жергілікті атқарушы органға осы Шарттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 1 (бір) ай бұрын тиісті өтінішпен жүгінуге;
6) Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген жердің жай-күйі мен оны пайдалану туралы мәліметтерді мемлекеттік органдарға уақтылы ұсынуға;
3) Шарттың қолданыс мерзімі аяқталуына қарай жер учаскесінің жай-күйін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері паспортына сәйкес бағалауға және оны қабылдап-алу беру актісі бойынша қабылдауға;
6) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскесі пайдаланбау фактісі алғаш рет анықталған кезден бастап бір жыл бойы мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайларда, мұндай жер учаскесi Жер кодексінiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 31.05.2023 жылғы № 209 Бұйрығына сәйкес (18.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
2) Жалға алушының жер учаскесін мемлекеттің мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қойған жағдайда, шығындарын өтеуге, сондай-ақ оның қалауы бойынша басқа жер учаскесін ұсынуға;
5) Жалға алушы өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Жалға алушының суару, құрғату және өзге де мелиорациялық жұмыстарды жүргізуін, тоғандар мен өзге де су айдындарын салуын келісуге.
9-тармақ 5-тармақшамен толықтырылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 31.05.2023 жылғы № 209 Бұйрығына сәйкес
10. Жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 564-бабында айтылған мерзімдерде төленбеген жағдайда, Жалға алушы өсiмпұл төлейді. Өсімпұл Салық кодексінің 117-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бюджетке төленетін төлем мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мерзімі өткен әрбір күнге базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есептелінеді.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 31.05.2023 жылғы № 209 Бұйрығына сәйкес (18.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
12. Тараптар Шарт талаптарын орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
14. Шартқа тараптардың келісімі бойынша енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар Шарттың ережелеріне қайшы келмеуі тиіс, олар қосымша келісім түрінде ресімделеді, тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды және заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделеді.
15. Шарт бойынша немесе оның қолданылуына байланысты туындауы мүмкін кез келген келіспеушіліктер немесе наразылықтар тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.
17. Осы Шарт жасасқан сәттен бастап күшіне енеді, әділет органдарында міндетті тіркеуге жатады және 20___жылғы «______» бастап 20___жылғы «______» дейін қолданыста болады.