«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 23.06.2023
Қазақстан Республикасында токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 5 ақпандағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 6 ақпанда № 18273 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 23 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.06.2023 жылғы № 109 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 5 ақпандағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және химиялық заттармен улану (бұдан әрі - улану) кезінде пациенттерге токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыруға жалпы қағидаттарды белгілейді.
2. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) антидот – нақты химиялық заттың уытты әсеріне (әсерлеріне) қарсы әсер ету үшін қолданылатын терапиялық зат;
2) детоксикация – организмнен эндоген немесе экзоген текті уытты заттарды шығаруға бағытталған медициналық іс-шаралар кешені;
3) ақпараттық – іздестірудің токсикологиялық жүйесі – бұл химиялық заттар, олардың адам ағзасына әсері, уланушыларды диагностикалау және емдеу туралы құрылымдалған ақпараттың үлкен ауқымын өңдеу, сақтау, іріктеу, сүзгілеу және іздеу үшін қолданбалы компьютерлік орта.
Полная версия

