Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2020
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2016 жылғы 19 сәуірдегі
 № 234 қаулысымен
 бекітілген
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.06.2016 жылғы № 370 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.07.2016 жылы № 126 (28854) Егемен Қазақстан Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.06.2017 жылғы № 373 Қаулысымен (23.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.07.2017 жылғы № 459 Қаулысымен (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2017 ж. № 150 (28529) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысымен (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Үкіметінің 31.12.2019 жылғы № 1060 Қаулысына сәйкес
Редакция 31.12.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері/лизингтік компаниялардың қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тетігін айқындайды.
1. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 943 Қаулысына сәйкес (25.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
кәсіпкерлердің екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар берген кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде;
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің екінші деңгейдегі банктер берген кредиттері бойынша «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген басым жобаларға кредит беру тетігі (бұдан әрі – Тетік) шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Субсидиялау кәсіпкерлер кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.
3. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтерін уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен төлейді.
4. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Бағдарлама және Тетік бойынша жергілікті және (немесе) республикалық бюджет қаражаты есебінен:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 943 Қаулысына сәйкес (25.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.08.2019 жылғы № 628 Қаулысына сәйкес (28.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Бағдарлама шеңберінде өзара жасалатын субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде қаржы агенттігіне аударады (Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді);
кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган өзара жасалатын субсидиялау үшін қаражат аудару шарты (бұдан әрі – қаражат аудару шарты) негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған қаржы агенттігінің арнайы шотына аударады.
5. Субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 943 Қаулысына сәйкес (25.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бағдарлама шеңберінде республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады;
Тетік шеңберінде республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
6. Осы Субсидиялау қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) банк – Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
2) даму банкі – «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы және (немесе) оның үлестес лизингтік компаниясы;
Полная версия
ИС BestProfi