Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.05.2025
"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 6 ақпандағы № 76 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 6 ақпанда № 18271 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес 
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9756 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" функционалдық тобында:
1 "Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар" функционалдық кіші тобында:
123 "Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 "Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламаларымен толықтырылсын:
"011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
379 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламаларымен толықтырылсын:
"011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
2 "Қаржылық қызмет" функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 001 бюджеттік бағдарламасы мен 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 318 - бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
"318 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік активтер басқармасы
Полная версия
ИС BestProfi