БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 13.05.2025
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 ақпандағы № 138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 ақпанда № 18351 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
2 «Қаржылық қызмет» кіші функциясында:
мынадай мазмұндағы 222 бюджеттік бағдарламасы бар 249 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«249 Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі
222 Тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлықақылар төлеу»;
318 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік активтер басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша 001 «Жергілікті деңгейде коммуналдық мүлікті және мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен» кіші бюджеттік бағдарламаның атауына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
805 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік сатып алу бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
3 «Сыртқы саяси қызмет» кіші функциясында:
мынадай мазмұндағы 159 бюджеттік бағдарламасы бар 249 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«249 Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі
159 Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету»;
Полная версия

