Близость слов: Окончание:





 Ұлттық экономиканың бәсекеге кабілеттілігін арттыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 829 Жарлығы 
Редакция 02.07.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Казақстан Республикасының ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және инвестициялық кызметін ынталандыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Казақстандық инвестициялық даму қоры» тікелей инвестициялар қорын (бұдан әpi - Қор) және оның активтерін инвестициялық басқару жөніндегі басқарушы компания (бұдан әpi - басқарушы компания) құрылсын.
2. Басқарушы компания қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 жылға арналған республикалық бюджетке берілетін 370000000000 (үш жүз жетпіс миллиард) теңге мөлшерінде нысаналы трансферт, оның ішінде:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 02.07.2019 жылғы № 49 Жарлығына сәйкес (30.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес «Қазақстандық инвестициялық даму коры» тікелей инвестициялар қорын кұруға - 70000000000 (жетпіс миллиард) теңге;
2) өзекті әлеуметтік проблемаларды шешуге (атаулы әлеуметтік көмек төлемдерін 2019 жылғы 1 сәуірге ауыстыру, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және «Бастау Бизнес» бағдарламасы арқылы жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтамасыз ету, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының және жоғары оқу орындарының студенттерін кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша микрокредиттеудің көлемін және стартап-жобаларға берілетін гранттар санын ұлғайту, жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй кұрылысының көлемін ұлғайту, 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмысшы мамандықтары бойынша білім алушылардың сти-пендиясын 30%-ке ұлғайту, 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары үшін жоғары оқу орындарында қосымша 5 (бес) мың білім беру грантын бөлу, мобильді жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз ету) - 138634430000 (бір жүз отыз сегіз миллиард алты жүз отыз төрт миллион төрт жүз отыз мың) тенге;
3) тұтынушылық кредиттер бойынша халықтың борыш жүктемесін төмендетуге - 89191872000 (сексен тоғыз миллиард бір жүз тоқсан бір миллион сегіз жүз жетпіс екі мың) теңге;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервін ұлғайтуға - 72173698000 (жетпіс екі миллиард бір жүз жетпіс үш миллион алты жүз тоқсан сегіз мың) теңге бөлінсін.
4. Қазақстан Республикасының Yкіметі осы Жарлықты icкe асыру үшін қажетті шаралар қабылдасын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Полная версия
ИС BestProfi