Осы Заң қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техника айналымының жекелеген мәселелерін реттейді.
Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 18 наурыздағы № 236-VІ
Редакция 05.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әскери мақсаттағы жұмыстар – заттай нәтижесі бар, қорғаныс объектілерін жобалауға, салуға, күрделі жөндеуге, қару-жарақ, әскери, автомобиль және арнайы техниканы, техникалық және арнайы құралдарды, ақпараттық, телекоммуникациялық және геоақпараттық жүйелерді, автоматтандырылған басқару жүйелерін әзірлеуге, өндіруге (құрастыруға), күрделі жөндеуге, жаңғыртуға байланысты қызмет, сондай-ақ ғылыми зерттеулер және мемлекетте қорғанысты, қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты өзге де қызмет;
2) әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық беруші (бұдан әрі – жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық беруші) – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, талап етілетін сападағы әскери мақсаттағы жұмыстарды орындауға және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуге мүмкіндіктері бар заңды тұлға;
3) әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер – заттай нәтижесі жоқ, қару-жараққа, әскери, автомобиль және арнайы техникаға, техникалық және арнайы құралдарға техникалық және регламенттелген техникалық қызмет көрсетуге, оларды техникалық куәландыруға және диагностикалауға, техникалық қолдап отыруға, қызмет көрсетуге және жөндеуге, пайдаланылмайтын мүлікті өткізуге, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жоюға және қайта өңдеуге байланысты қызмет, сондай-ақ ғылыми зерттеулер және мемлекетте қорғанысты, қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты өзге де қызмет;
3-тармақша өзгертілді ҚР 16.10.2023 жылғы № 33-VIII Заңымен (04.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер) – қару-жарақ, әскери, автомобиль және арнайы техника, техникалық және арнайы құралдар, заттай мүлік және арнайы мүлік, құжаттама, зияткерлік меншік құқығы объектілері, әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) өндіруге, сынауға арналған жабдық, көрсетілген тауарларға (өнімдерге) жиынтықтауыштар және қосалқы бөлшектер;
5) әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндіруші (бұдан әрі – отандық тауар өндіруші) – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында талап етілетін сападағы әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндіру үшін қажетті өндірістік қуаттары бар заңды тұлға;
6) әскери өкілдіктер – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы орындалған жұмыстардың және әскери мақсаттағы көрсетілген қызметтердің сапасын бақылауды және оларды қабылдап алуды жүзеге асыру үшін меншік нысандарына қарамастан ұйымдарда орналастырылатын оқшауландырылған құрылымдық бөлімшелері;
7) әскери техника – жауынгерлік машиналар, әскери корабльдер (катерлер мен әскери-көмекші кемелер), әскери әуе кемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары жарақтандырылатын корабльдер (катерлер мен басқа да кемелер), әуе кемелері мен басқа да ұшу аппараттары;
8) әскери-техникалық көмек (техникалық жәрдем) – шет мемлекетке (шет мемлекеттен, халықаралық ұйымнан) өтеусіз немесе өзге де жеңілдікті негізде қару-жарақты, әскери техника мен әскери мақсаттағы өзге де тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ техникалық қолдау, мамандарды оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну (алу);
9) әскери-техникалық ынтымақтастық – мемлекеттердің әскери ұйымдарының қажеттіліктерін қанағаттандыруға, сондай-ақ олардың қорғаныс өнеркәсібін қолдауға және (немесе) дамытуға байланысты халықаралық қатынастар саласындағы қызмет;
10) әскери-техникалық ынтымақтастық субъектілері – мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстарды орындауға және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуге қатысты тиісті қызмет түріне құқығы бар заңды тұлғалар;
11) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері – қойылатын талаптар мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында айқындалатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
12) жаңғырту – орындау нәтижесінде қару-жарақтың, әскери, автомобиль және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың жекелеген тактикалық-техникалық элементтері олардың негізгі мақсаты бұрынғы күйінде сақтала отырып өзгеретін, оларда қолданылған техникалық құралдардың және жиынтықтаушы бұйымдардың ескірген үлгілерін жаңа, неғұрлым қазіргі заманғы үлгілермен ауыстырумен (немесе жаңа техникалық шешімдер қолданумен) сипатталатын, үлгінің тактикалық-техникалық сипаттамаларын жақсартуға бағытталған жұмыстар кешені;
13) жөндеу – қару-жарақтың, әскери, автомобиль және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың механизмдерінің, жиынтықтаушы бұйымдарының немесе олардың құрамдас бөліктерінің жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру, тоқтап қалу себептерін жою және жұмсалған ресурсын қайта қалпына келтіру жөніндегі операциялар кешені;
14) қару-жарақ – жанды күшке, техникалар мен инфрақұрылым объектілеріне зақым келтіруге, құрылыстарды (бекіністерді) бұзуға арналған әртүрлі қару түрлері, кешендер мен жүйелер, көрсетілген құрамдастарды имитациялайтын құралдар, оқ-дәрілер, сондай-ақ жүйелер, құрылғылар, жеткізгіштер мен аспаптар;
Полная версия